
Осы күні бабы жарасқан тегеуріні мықты, тепкіні қатты ителгі, қанжығаны тоқ қылар қаршыға мен көк иесі, аспанның киесі саналатын қыран бүркіттер саятшылық өнердің жоғары деңгейін көрсетіп, шет елден келген қонақтарды таң-тамаша етті.
Шараның мақсаты - Елбасының "Рухани жаңғыру" мақаласын іске асыру арқылы 3 мың жылдық тарихы бар ұлттық құсбегілік пен саятшылық дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды төрткүл дүниеге кеңінен насихаттау.
Жарыс қорытындысында:
Ителгі баптағандар арасында:
1 орын - Ақжол Русланға (Алматы қаласы);
2 орын - Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы);
3 орын алған - Шәріпов Медет (Алматы облысы).
Қаршыға ұшырғандар арасында:
1 орын - Атығай Ерасыл (Алматы облысы);
2 орын - Махмұтхан Сағи (Түркістан облысы);
3 орын - Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы).
Бүркіт салғандар арасында:
1 орын - Нұрым Өмірбек (Шығыс Қазақстан облысы);
2 орынға қол жеткізген - Әбен Дулат (Алматы облысы)3 орын алған - Бабажан Бағдаулет (Жамбыл облысы)
Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлық, жүлдегерлерге кубоктар, медальдар мен арнайы дипломдар табысталды.