
Талдықорғанда ардагерлер командалары арасында волейболдан өткен "Жетісу Кубогы" халықаралық турнирінің жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарды облыс әкімі Амандық Баталов марапаттады.
Үш күнге созылған жарыста 1-ші орынды Польша командасы, 2-ші орынды Ресей командасы, 3-ші орынды Татарстан спортшылары жеңіп алды. "Жетісу" командасы 4-ші орынға ие болды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, арнайы кубоктар мен медальдар берілді.
Арнайы номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды. Атап айтқанда, "Үздік тосқауылшы" - Шостек Дариуш, Польша; "Үздік либеро" - Рустам Масимов, "Жетісу"; "Үздік пайдалы ойыншы" - Андрей Плотнир, Татарстан; "Үздік шабуылдаушы" - Андрей Ткаченко, Россия; "Үздік байланыстырушы" - Анатолий Чеснаков, Орынбор қ.; "Көрермен көзайымы" - Чингиз Каминов, Тыва; "Үздік қорғаушы" - Монхбат Монгорхил, Моңғолия.