Торжественное собрание в честь Дня Первого Президента Республики Казахстан состоялось в Талдыкоргане

 Торжественное собрание в честь Дня Первого Президента Республики Казахстан состоялось в Талдыкоргане

Өз құттықтауында облыс басшысы Амандық Баталов:

 

- Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр жылы ғасырға тең тарихи кезеңде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша қолтаңбасы бар. Осы жиырма жеті жылдың ішінде халқымызды дағдарыстан дамуға бастап, еліміздің саяси өмірі жаңарып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің бірлігі, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігімен ерік-жігерінің арқасында ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жабу арқылы тәуелсіздігімізге әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдігін берді. Жаңа Астана – татулық пен бейбітшіліктің алаңына айналды. Білікті реформатор әрі кемел көшбасшы болашаққа бет түзеген қазақ елін қай кезде де бірлік пен еңбекке жұмылдырды, - деп атап өтті.

 

Бұдан әрі облыс әкімі биылғы жылы Алматы облысы мерекені толайым табыстармен қарсы алып отырғанын айтты. Мәселен, 2014 жылы қант қызылшасының алқабы небары 1,2 мың гектар болса, биылғы жылы оның көлемі 11,2 мың гектарға жеткізіліп, 9,3 есеге, ал өнімділік 13,8 есеге өскен. Сонымен қатар облыста қазіргі кезде әрқайсының құны 1 млрд. теңгеден асатын 50 ірі жоба жүзеге асырылуда. Соның 30-ы – шетелдік инвесторлардың қатысуымен, оның ішінде 9-ы – трансұлттық компаниялардың қатысуымен іске асырылуда. Жалпы шетелдік инвесторлардың қолдауымен қолға алынған 30 жобаның арқасында 1 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды.  

 

- Мемлекет басшысының қолдауымен қол жеткізілген осы нәтижелердің барлығы – бірлескен жұмыстың нәтижесі. Бүгінгі мерекені пайдаланып, барша жетісулықтарға ризашылығымды білдіремін. Алда әлі талай жоспарлар бар. Елбасының Жолдауларында және бағдарламалық мақалаларында айтылған стратегиялық маңызды міндеттерін жүзеге асыру жолында ынтымақпен еңбек етеміз деп сенемін, - деді А. Баталов сөзін қорытындылап.

 

Мұнан соң Қарасай аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы, Елбасының сыныптасы Сайлаубек Қыдыралиев сөз алды. Ардагер өз сөзінде Елбасының бала күнінен байқалған ерекше дарынына тоқталып, естеліктер айтып берді. Өзінің балалық шағы мен бүгінгі бейбіт те берекелі заманды салыстыра әңгімелеп, елге береке-бірлік, Елбасына мықты денсаулық тілеп, көпшілікті Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

 

«Өлке тынысы» ЖШС бас директоры Мейрам Жанәділов та құттықтау тілегін айтып, республикалық телеарналарда жұмыс істеген шақтарында Елбасымен бірге жүрген сапарларынан естеліктер айтты. Сол сияқты І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаев, Ақсу ауданындағы ақын Сара атындағы жастар мәдени орталығының директоры Фариза Анвартуреқызы да құттықтау тілектерін жеткізді.

 

Шара мемлекеттік қызметке жаңадан жұмысқа тұрған 7 жас маманның салтанатты түрде ант қабылдау рәсімімен жалғасты. Осы жиында облыс әкімі «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен облыстың бірқатар азаматтарын марапаттады.