Көмір бар, бірақ босаңсуға болмайды

Көмір бар, бірақ босаңсуға болмайды

Облыс орталығында төрт көмір қоймасы бар. Олар темір жол өткелінің тұсында, Рақышев, Желтоқсан, Абай көшелерінде орналасқан. Лаззат Тұрлашов олардың барлығын қарап шықты. Энергетика және ТҮКШ басқармасының мамандары, ҚТЖ өкілдері, мәслихат депутаттары базаларды Л. Тұрлашовпен бірге аралады. Көмірге қажеттілік орташа есеппен қыс кезінде бір жарым миллион тоннаны құрайды. Оның басым бөлігі күні бұрын жеткізілгендіктен, биылғы маусымда көмір жетіспеушілігі болмайды деп есептелуде.

 

Дегенмен облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов бұл жайбарақаттыққа салынуға негіз бола алмайтынын айтты. «Қыс әлі басталған жоқ, сондықтан көмір жетеді деп босаңсуға болмайды», - деді ол. Өңірге көмір жаздың ортасынан-ақ жеткізіле бастаған. Сонымен қатар мемлекеттік және бюджеттік мекемелер де ерте қамданып үлгерді. Көмір Талдықорғанға негізінен Семей және Шұбаркөл разрездерінен жеткізіледі. Бір тонна көмірдің құны 13,5 мың тонна.

 

Лаззат Тұрлашов жағдайды тұрақты назарда ұстау керектігін, шалғай елді мекендерге көмірді үздіксіз тасымалдау мәселесін қарастыруды тапсырды. «Жауапты азаматтар көмір бағасына үнемі мониторинг жасап отыруы қажет», - деді ол. Бағаны негізсіз өсірген әрбір факті бойынша тежеуші шаралар қабылдануы тиістігін ескертті.