
Бүгін Алматы облысында 120 мыңнан астам азамат латын графикасы негізіндегі жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты. Еліміз бойынша бір күнде бір мезгілде өткізілген шараға өңірдегі барлық мекеме-ұйымдармен қатар Алматы облысы әкімі аппаратының қызметкерлері де бір кісідей атсалысып, диктант жазды.
Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, латын әлібиінде мәтін жазу еш қиындық тудырмаған. Латын графикасында жазуға машықтануға осы жалпыхалықтық диктант жазу шарасы үлкен серпін берді.
Жалпыреспубликалық науқанды ұйымдастырушы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, шараның мақсаты - латын қарпін танымал ету және кеңінен тарату.