Соңғы тәулікте КВИ-дің 177 дерегі анықталды

Соңғы тәулікте КВИ-дің 177 дерегі анықталды

30.03.2021 жылғы дерек бойынша, облыста коронавирустың зертханалық расталған 13 286 жағдайы тіркелді. Сырқаттың өсімі облыс бойынша салыстырмалы түрде соңғы 2 аптада 0,8 %-тен (16.03-22.03) 0,9%-ке (23.03-29.03) өскен.

Облыс әлі де «сары» аймақта.

Соңғы тәулікте індет жұқтырған 177 адам тіркелді, өсім деңгейі – 1,4 %.

Соның ішінде Талғар ауданында – 33, Талдықорған қаласында – 32, Жамбыл ауданында – 22, Еңбекшіқазақ ауданында – 20, Балқаш ауданында – 15, Іле, Қарасай аудандарында – 15, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында – 11-ден, Балқаш, Панфилов аудандарында – 6, Алакөл ауданында – 3, Қапшағай қаласында – 8, Көксу, Панфилов аудандарында – 6-дан, Ақсу ауданында – 4, Ұйғыр ауданында – 3, Қаратал, Кербұлақ, Кеген аудандарында – 2-ден.

Олармен 451 адамның байланыста болғаны анықталды. Олар медициналық бақылауда, үй карантиніне алынды.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 2579 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте медициналық көмкекке өз бетімен жүгінген 30 адамнан осы сырқат анықталды: Іле ауданында – 9, Кеген ауданында – 1, Қапшағай қаласында – 17, Талдықорған қаласында – 3. Сырқаттармен байланыста болған 56 адамның бәрі де медицина мамандарының бақылауында, үй карантинінде.

30.03.21 жылғы жағдай бойынша, ПЦР тестілеуден 511 287 адам өтті. Соңғы 3 күнде 6087 адам тексерілді.

Ауруханаларда 1351 адам ем алуда, 25-сі – ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 155 адам түсті. Төсек орын жүктемесі – 60%.