29 наурыздағы КВИ таралуы бойынша мәлімет

29 наурыздағы КВИ таралуы бойынша мәлімет

29.03.2021 жылғы дерек бойынша, облыста КВИ-дің зертханалық расталған 13 109 жағдайы тіркелді. Сырқаттың өсімі облыс бойынша салыстырмалы түрде соңғы 2 апатада 0,8 % шамасында.

Соңғы аптада осындай инфекция жұқтырған 120 адам тіркелді, өсім деңгейі – 0,9 %.

Соның ішінде Талдықорған қаласы мен Жамбыл ауданында – 22-ден, Іле ауданында – 20, Қарасай ауданында – 15, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында – 12-ден, Балқаш, Панфилов аудандарында – 6, Алакөл ауданында – 3, Ескелді ауданында, Текелі қаласында – 1-ден.

Олармен 334 адамның байланыста болғаны анықталды. Олар медициналық бақылауда, үй карантиніне алынды.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 2549 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте медициналық көмкекке өз бетімен жүгінген 10 адамнан осы сырқат анықталды: Қарасай ауданында – 6, Талдықорған қаласында – 4. Сырқаттармен байланыста болған 20 адамның бәрі де медицина мамандарының бақылауында, үй карантинінде отыр.

29.03.21 жылғы жағдай бойынша, ПЦР тестілеуден 509 700 адам өтті. Соңғы 3 күнде 7237 адам тексерілді.

Ауруханаларда 1288 адам ем алуда, 22-сі – ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 151 адам түсті.

Сол сияқты өткен тәулікте Алматы облысында 73 адам КВИ-дан жазылып шықты.