Жасыл технологияны енгізудегі қадамдар

Жасыл технологияны енгізудегі қадамдар

Жасалған меморандум шеңберінде тараптар жасыл экономиканы дамыту туралы ақпараттармен алмасуға, өңірдің кешендік жоспарын, инвестициялық, экологиялық, инновациялық және ғылыми-білім беру жобаларын дайындау мен жүзеге асыру ісін үйлестіруге ниетті. Орталық инвестициялық жобаларға техникалық және әкімшілік қолдау көрсетуді және сүйемелдеуді «бір терезе» принципі арқылы жүзеге асыратын болады.

 

Кездесу барысында облыс әкімі Амандық Баталов өңірде жасыл технология саласының әлеуметі зор екенін айтты. Қазіргі кезде облыста жел-, су электр стансаларының құрылысы бойынша бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Оған қоса Қапшағай қаласының жанынан жалпы қуаты 150 МВт болатын ірі күн электр стансасы салынып жатыр.

 

Өз кезегінде Рапиль Жошыбаев бұл ынтымақтастық Жасыл технология және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы үшін аса өзекті энергетикалық және экологиялық мәселелерді шешуде технологияларды, қаржы көздерін және инвесторлар іздеудегі мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ықпал ететіне тоқталды. Сол сияқты аталмыш орталық «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы базасында Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылғаны да атап өтілді.