Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымы дамып келеді

Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымы дамып келеді

Алакөл аудандық әкімдігінің мәліметі бойыншаБиылғы демалыс маусымының басынан бүгінгі күнге дейін Алакөл көлі жағалауындағы Ақши және Көктұма демалыс аймақтарындағы 214 демалыс орнында 1 млн. 19 мың адам демалып, 2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 143 пайызға артқан. Алакөл аудандық әкімдігінің мәліметі бойынша Оларға 5 млрд. 861 млн. теңгенің қызметі көрсетілді. Сонымен қатар осы салада 2123 адам маусымдық жұмыспен қамтылды. 

Алакөл көлінің туристік әлеуетін арттыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Ақши ауылынан демалыс орындарына дейінгі жолдарды қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған. Жобаның жалпы құны 3,036 млрд. теңгені құрады, жолдың ұзындығы 23,8 км. Енді биылғы жылы осы 24 шақырымдық ұзын жолдан демалыс орындарына баратын тарамдалған көлденең жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары басталған. 20 жол бөліктерінен тұратын жолдардың жалпы ұзындығы 8,8 шақырымды құрайды. Оған қоса түнгі жарық шамдарын орнату, жаяу жүргінші жолын, су өткізгіш құбырлар мен арықтар жүргізу қарастырылған. Биылғы жылға 50,0 млн.теңге қаражат қарастырылып, жөндеу жұмыстары басталды.