QAZAQSTAN» сөзі еліміздің Мемлекеттік Елтаңбасындағы жаңартылған стандартта қолданылады

 QAZAQSTAN» сөзі еліміздің Мемлекеттік Елтаңбасындағы жаңартылған стандартта қолданылады

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» №1 өзгерісті мақұлдауға шешім қабылдады.

 

Осылайша, стандарттың барлық мәтіні бойынша «Қазақстан» деген жазуды  «QAZAQSTAN» латын графикасында жазу бөлігінде, сондай-ақ ΔE түстер диапазонына рұқсат ету бөлігінде ұлттық стандартқа өзгеріс енгізілді.

 

Бұдан басқа, Мемлекеттік Елтаңбаның элементтері мен тарихы сипаттамасының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы авторы Жандарбек Мәлібеков әзірлеген құрастыру құжаттамасының әдістемелік нұсқаулығына сілтеме енгізілді.


Өзгерістерді әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы мен дайындаушыларының қатысуымен бірқатар жұмыс отырыстары өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, өзгерісті «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын жазуына аудару туралы» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Жұмыс тобы әзірледі.

 

"Технологиялық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" РММ