
- Жер жаннаты – Жетісу жеріне қош келдіңіздер! Сіздерді бильярд спортынан әуесқойлар арасындағы Алматы облысы әкімінің жүлдесіне арналған «Жетісу кубогы» республикалық турнирі Талдықорғанда тұңғыш рет өтіп отыр. Алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табады деп ойлаймын. Бильярд – физикалық күш қуатты ғана емес, логикалық шеберлікті талап ететін интеллектуалдық ойын. Сондықтан мұнда осал ойыншы болмайды. Жарысқа қатысушы ардагерлер арасында тартысты ойын болатынына сенімдімін. Бәріңізге сәттілік тілеймін, - деді А. Баталов.
Салтанатты ашылуынан кейін облыс әкімі А. Баталов символикалық түрде бильярдтың алғашқы шарын соғып, жарысты бастап берді.
Жалпы турнирге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарынан 11 команда қатысуда. Үш күнге созылатын жарыс бильярдтың «Мәскеу пирамидасы» түрінен өтеді. Турнирді Алматы облысының әкімдігі мен облыстық бильярд федерациясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.