
«БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді 2018 жылдың 20 қыркүйегінде өтетін Ашық есік күніне шақырады. Ашық есік күнінің тақырыбы: «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары». Келушілерді арнайы мамандар сағат 10:00 мен 17:00 аралығында «БЖЗҚ» АҚ Талдықорған қаласы Жансүгіров 149 көшесі бойынша орналасқан Алматы облыстық филалының кеңсесінде күтеді. Шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің тарихы мен дамуы туралы мәлімет беріледі. Сонымен қатар қатысушылар Қор қызметкерлерінен жеке кеңес ала алады.