Игілігі мол ірі жоба

 Игілігі мол ірі жоба

Аумағы 400 гектар жер­ді алып жатқан күн электр- стансысының жылдық қуа­ты келесі жылдың бірінші тоқсанына дейін 100 МВт-қа жетпек. Одан әрі тағы да 50 МВт қосылып, облыс аумағын кең көлемде электр энергиясымен қам­титын болады.

 

Бұл өндірістің негізгі құрылтайшылары Қы­тай­дың Шанхай қаласында орналасқан электр құ­рыл­ғыларын шығаратын «CHINT Group» компа­ния­сы. Компанияның серіктес­тіктері Ресей, АҚШ, Ка­нада, Австралия, Гонконг, Сингапур сияқты әлемнің дамыған 11 елінде ашылған. Ал Қазақстанда ашылатын жоба ТМД елдерінде бірінші әрі осы саладағы ең ірі ин­вес­тициялық нысан болмақ.

 

Өткен жылдың сәуір айын­да жобалық сметасы жасалған өндіріс орнының құрылысы бүгінде қызу жү­ріп жатыр. Алдағы желтоқ­сан айында толығымен аяқ­талмақ. Бүгінде құрылыс аймағында «Назар», «Ама­нат» сияқты ірі серіктес­тіктер жұмыс істеуде.

 

Құрылыс жұмыстарымен танысқаннан кейін облыс әкі­мі қалалық жағажайға ат ба­сын бұрды. Жағалау ашыл­­ғалы бергі кезеңде аймақ басшысы мұнда бірін­ші рет келіп отыр. Жаға­жай­да жазғы шомылу науқа­нында келушілерге қызмет көрсететін 22 түрлі нысан, сауда нүктелері мен дәм­ханалар орналасқан. Биыл Қапшағай жағажайында дем­алушылар саны 220 мыңнан асты. Алдағы уақытта мұн­дай нысандардың қатары толықтырылып, отандық туризмді өркендетуге жүйелі жұмыс істейтін болады.

 

Жағажайдың туризмді дамытудағы мүмкіндігін са­ра­лаған өңір басшысы Қап­шағай қаласының басшы­лығына бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді.