Іле ауданының жаңа әкімі тағайындалды

 Іле ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы Амандық Баталов оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, қызмет барысында Елбасы бекіткен бағ­дарламаларды сапалы жүзеге асы­ру қажеттігін айтты.

 

 

 

– Іле – облыстағы экономикалық даму жағынан жоғары көрсеткішті көрсетіп отырған үлкен аудан. Мұнда ірі-ірі өнеркәсіптер орналасқан. Ауыл­шаруашылығы да сан салалы. Ха­лық­тың тығыз орналасу аймағы бол­ған­дықтан мұнда жылда жаңа мектеп, жаңа бала­бақшалар ашылады. Жұмыс орын­дары да көбейе түсуде. Тіршілігі қыз-қыз қайнап жатқан ірі ауданның әкіміне жүктелер міндет көп. Ауыл­шаруа­шы­лығын дамытып, кәсіпкерлікті өркен­детуге күш салу керек. Ең бас­тысы, ел бір­лігін сақтап, Елбасы сая­сатын жүзеге асырып, халықтың әл-ау­қатын көтеруге аянбай жұмыс істеу қажет. Ал, ол үшін осындағы ел ағалары, ақсақалдар әкім­ге қолдау көрсетіп, ынтымақты жоғары орын­ға қойғаны абзал. Мемлекетіміз қуат­ты болу үшін әр ауыл, әр аудан, әр об­лыс игілікті жұмыстар атқарып, бір­лікпен алға қадам басуы керек, – деді Амандық Ғаббасұлы.

Жиын барысында «Нұр Отан» пар­тиясы аудандық филиалы төрағасының орын­ба­сары Ерболат Тұрымбетов, ауданның Құр­метті азаматы Төрткен Кененқызы, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Қаражігітов зейнет­керлік демалысқа шыққан Қыдыркелді Өміржанұлының жұмысына ризашы­лық­тарын білдіріп, жаңа әкімнің қадамына сәт­тілік тіледі.

ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев Іле ауданының әкімі лауазымына тағайындады.

 ҚАРАСАЕВ Бағдат Әбілмәжінұлы

1964 жылы туған. Алматыдағы теміржол институты мен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін аяқтаған.

 

Еңбек жолын Андреев ауданына қарасты Дзержинск ауылында орналасқан №13 орта кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдарда №13 ОКТУ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Алакөл Агро», «Қайыңды» ЖШС-ның директоры, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі, Алматы облысы әкімі аппаратының жетекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы, Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

 

2018 жылдың мамыр айынан – Алматы облысы әкімінің кеңесшісі.

 Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы зейнетке шығуына байланысты Іле ауданының әкімі лауазымынан босатылды.