Аузымен құс тістеген жүйріктер Жетісу жерінде топқа түсті

 Аузымен құс тістеген жүйріктер Жетісу жерінде топқа түсті

Осымен 20-шы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және­ көрші мемлекеттерден жалпы саны 170-тен астам сүйгүлік қатысты.

 

Көрерменде­рді қиқулатып, қошеметіне бөлеген тартыс­қа толы бәйгенің нәтижелері төмендегідей: ­

 

Тай жарыста 1 орынға Жамбыл ауданының атынан топқа т­үскен "Хантәңірі" жүйрігі келді. 2 орынды Қарасай ауданының намысын қо­рғаған "Фердоус" атты жүйрік иеленді. 3-ші орынды Талғар ауданында бапталған "Тұмар" атты жүйрік қанжығасына ілді. ­Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

 

Жорға аттар жарысында бірінші келген Астана қаласының "Эдельвейсі" болды.
Мәре сызығын екінші болып Алакөл ауданынының "Космос" атты жорғасы кесті. Үздік үштікті Сарқан ауданынан топқа түскен "Теміртас" түйіндеді. Жеңімпаздарға сәйкесінше "Лада гранта" автокөлігінің кілті,  150,0 және 120,0 мың тг. табысталды.

 

Құнан бәйгеде топтан оқ бойы оза келген Қарасай ауданының "Нұрқасқасы" бірінші орынды иеленді. Екінші болып топ жарған Талғар ауданынан жеткізілген "Барбара" сәйгүлігі. Бабы жарасып, үздік үштіктен көрңнген Жамбыл облысының "Астана" атты құнаны. Бұл жолы да жеңімпаздар үштігіне жоғарыда аталғандай сыйлықтар табыс етілді.

 

Топ бәйгеде 1-орынды көрші Жамбыл облысынан жетк­ізіліп, топқа қосылған "Жүректоры" атты сә­йгүлік иеленді. Жеңімпазға "Нива" автокөлі­гінің кілті табысталды. 2-ші орынды иеленге­н Қарасай ауданының "Қарашаш" атты жүй­рігінің иесі "Лада Гранта" автокөлігін қанжығасына байлады.  3-ші орын да осы Қарасай ауданының жүйрігі  "Жел" атты тұлпарына бұйырып, иесіне 150 000 теңгенің сертификатын жеңі­п алуына мүмкіндік жасады.

 

Осыдан кейін ат жарыстың төресі саналатын 25 шақырымдық Аламан бәйг­енің де кезегі келіп жетті. Оған еліміздің әр түкпірінен 50 жүйрік қосылды. Нәтижесінде жеке дара озып, топты жарған Жамбыл облысының "Қаракөз" а­тты жүйрігі иесі Артығали Миразовқа "УАЗ Па­триот" автокөлігінің кілтіне ие болуына жағдай жасады. Мәре сызығын жеңімпаздан сәл ғана қалып кесіп өткен Қарасай ауданының "Бұйражал" атты сәйгүлігінің иесіне "Нива" ­автокөлігінің кілті сыйға берілді. Сонда­й-ақ үшінші және төртінші орындарды Жамбыл ауданынан келген "Көкдауыл" мен "Нұрқасқа" атты қос жүйрік иеленді. Жүлдегерлерге сәйкесінше
"Лада Гранта" автокөлігі мен 200,0  мың теңге қаржылай сыйлықт­ар табысталды. Сондай-ақ осы күні көпшілік алдында өнер көрсеткен "Қыз қуу" мен "Аударыспаққа" қатысқандар жанкүйерлік етуге жиналған мыңдаған көрерменнің көңілін көтеріп,  қошеметіне бөленді.