Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

 Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

АБДУАЛИЕВ Ақан Жылқышыбайұлы

 

1975 жылы туған. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын және Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

 

Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке орындаушысы болып бастаған. Әр жылдарда «Қазақконцерт» РМҚК-да аспапта жеке орындаушы, Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі мен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, А.Жұбанов атындағы республикалық мектеп интернаты директорының орынбасары, директоры, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры лауазымдарын атқарған.

 

2016 жылдың маусым айынан - Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы.

 

 

 

Хроника

 

Алматы облысы әкімінің өкімімен Омар Жақсылық Мұқашұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.