
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылдың 30 тамызы - тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы тарихындағы аса маңызды кезең болып саналады. Дәл осы күні қабылданған Негіз қалаушы Заң еліміздің қарқынды дамуы үшін шарттар жасап, конституциялық құқық пен нормалар мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа берік енді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Негізге Заңға сүйене отырып, әрқайсысы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған заманауи салаларды дамыту, келешегі бар бағыттарды нығайту, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті жақсарту саясатын жүргізіп келеді. Мұны тұрғын үйлер мен аса маңызды әлеуметтік нысандар құрылысы белсенділікпен жүргізіліп, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы қарқынды түрде дамып, ірі жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып отырған Алматы облысының бүгінгі жағдайынан-ақ айқын байқауға болады. Еліміздің Басты Заңының жасампаздық әлеуетін ретімен жүзеге асыра отырып, туған өлкені гүлдендіруге бағытталған жаңа жеңістер мен жетістіктерге қол жеткізетінімізге сенімдімін.
Қымбатты жерлестер!
Сіздер біздің еліміздің одан ары өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып отырсыздыр.
Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, бейбіт өмір, ізгілік пен гүлдену тілеймін!
Мерекелеріңізбен!