Тамыз кеңесі өтті

Тамыз кеңесі өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ­тың қолында, ал жас ұрпақтың тағ­дыры ұстаздардың қолында», – деп мұға­лімдер қауымына үлкен сенім, жауапкершілік артқан болатын. Олай болса, адам баласын ұлы мақсаттарға жеткізетін ұлы күш – білім, оны жас ұрпақтың бойына дарытушы ұстаз­дар қауымы екені сөзсіз. Осыған орай жыл сайын білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған білім саласы қызметкерлерінің педа­гогикалық кеңесі өтеді. Биыл дәс­түрлі жиын Көрме кешенінде ұйым­дастырылып, оған облыс әкімі Аман­дық Баталов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департа­ментінің директоры Әділет Тойбаев, елімізге белгілі ғалым, химия ғы­лым­дарының докторы, профессор, ҚР ҒА-ның академигі Еділ Ерғожин, сондай-ақ, облыстық басқарма бас­шы­лары, аудан, қала әкімдері, білім беру мекемелерінің директорлары, ата-аналар комитеттерінің төраға­лары, кәсіподақ ұйымдарының өкіл­дері, ұстаздар қауымы қатысты.

 

Тамыз кеңесінде облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов «Төртінші өнеркәсіптік ре­во­люция жағдайындағы адами капи­тал» тақырыбында баяндама жасады.

 

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Жолдауында адам капиталы елімізді дамытудың ең маңызды бағыты деп атап өтті. Елдің бәсекеге қабілетті болуы және дамы­ған 30 елдің қатарына қосылуы үшін адам капиталының рөлі ерекше. Жол­даудың бұл бағытында бірнеше мін­дет қойылған. Атап айтсам, жаңа маз­мұнға көшуді жалғастыру, жоғары сыныптарда кейбір пәндерді ағыл­шын тілінде оқыту, аттестаттаудың жаңа жүйесіне көшу, мұғалімдердің жалақысын көбейту, білім беруді цифр­ландыру, жан басына қаржы­ландыруды енгізу.

 

Төрт жылға арналған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының үшінші жылы бойын­ша жұмыстар орындалуда. Бірқатар көрсеткішке қол жеткізіп, шешілмеген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдануда, – деп бастады сөзін баяндамашы. – Мек­теп­ке дейінгі білім беру жайына тоқтал­сам, облыста 1026 мектепке дейінгі білім беру ұйымы (183 мемлекеттік балабақша, 433 жекеменшік бала­бақша, 410 шағын орталық) жұмыс жасайды. Жекеменшік балабақшалар үлесі – 70 пайыз. Жергілікті атқару­шы органдардың мемлекеттік-жеке­мен­шік секторды дамыту бойынша атқа­рып жатқан жұмыстарының нәти­же­сінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар санының үлесі жыл сайын артуда. Мемлекеттік – жекеменшік се­ріктестікті дамыту барысында ағым­­дағы жылдың шілде айында Қарасай ауданы Қаскелең қаласында «Еламан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 150 орынды балабақшаны пайда­ла­нуға берді.

 

«Жобалық басқару» аясында «Жаңа экономиканың драйвері ретін­де білім беру хабын дамыту» бағы­тының детальдық жоспары жүзеге асырылуда.

 

Бүгінгі таңда облыста 14 жеке­мен­шік балабақша ашылып, мектепке дейінгі білім, тәрбиемен қамту көр­сеткіші 95,6 пайызды құрады. Жыл соңына дейін жоспарланған 68 жеке­меншік балабақша іске қосылады. Балаларды мектепке дейінгі тәрбие­мен қамтуды 98 пайызға дейін жеткізу көзделуде.

 

Бүгінде облыста 8 жекеменшік мек­теп бар. Ағымдағы жылдың 1 қыр­күйегінен Талғар ауданындағы «Дана» жекеменшік мектебіне жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізу үшін жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша 262 орынға 16 млн. теңге қаржы қарас­тырылды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Дәурен Хабдолданұлы.

 

Басқарма басшысы ары қарайғы сөзінде Алматы қаласының айма­ғын­да орналасқан аудандарда бала саны жылдан жылға көбейіп, соған орай оқушы саны 15 686-ға артып отыр­ғанына тоқталды. Бұл өңірге қосым­ша мектептер салу қажеттігін, ол үшін жергілікті жерлерде инвестор­ларды тарту керектігін алға тартып, бұл орайда аудан, қала әкімдерін, жеке кәсіпкерлерді жекеменшік мек­теп­тердің желісін дамытуда бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

 

Орта білім беру бойынша Жаңар­тылған білім мазмұнына кезең-кезең­мен көшу жалғасатынын, жаңа оқу жы­лынан бастап 3, 6, 8 сынып оқу­шы­­лары да жаңа стандарт негізінде білім алатынын жеткізді. Жаңар­тыл­ған маз­мұндағы оқу-әдістемелік ке­шендерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 4,1 млрд. теңге қаражат бөлінген. Бүгінгі таңда барлық мек­теп оқушы­лары 100 пайыз оқулық­пен қамтама­сыз етілген.

 

Педагогтардың кәсіби құзыретті­лі­гін арттыру білім саласын иннова­ция­лық жаңғырту жағдайында жүзе­ге асуда. Облыста жаңартылған оқу маз­мұ­ны бойынша 27 279 педагог, оның ішінде 646 мектеп директоры, жаңа жүйе бағдарламалары негізінде 7214 педагог кәсіби біліктіліктерін арт­тыр­ған. Жаңартылған мазмұнға көшу шеңберінде 2019 жылдан бас­тап 10-11 сыныптарда жаратылыс­тану циклы­ның 4 пәнін ағылшын тілінде оқытуға даярлық жүргізілуде. Осы мақсатта 1203 педагог білім беру орталықтарында тілдік құзы­рет­тілік­терін жетілдірді. Үш тілде білім бе­­руді енгізу жағдайында педагог­тарға кәсіби қолдау көрсету мақса­тында білім басқармасы Орта Азия­лық университетімен меморандумға қол қойып, облыстың 20 мектебінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жаңа оқу жылынан 129 мектепке пилоттық режим енгізіледі.

 

Білім беру жүйесін біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету, жас мамандарды тұрақтандыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өткен оқу жылында облысымыздың білім беру мекемелері 1400-ден астам жас маманмен толыққан, оның 1079-ы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылды жерлерге жұмысқа орналасқан. Оларға жан-жақты әлеу­меттік қолдау көрсетілуде. Солай бо­ла тұрса да бүгінгі таңда облыс мек­тептеріне орыс сыныптарындағы бас­­тауыш сынып мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, ағылшын тілі пәндері бойын­ша 111 маманға қажеттілік бар. Мә­селені шешу үшін білім басқар­масы жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп жұмыс атқаруда.

 

Елбасы өз Жолдауында мұ­ғалім мәртебесін арттыру мақ­са­тында педагогтар үшін біліктілік деңгейін ескеретін катего­риялардың жаңа кестесін енгізуді мін­деттеген бо­латын. Осы мақсатта ағымдағы жы­лы мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілген. Облыс­та оқу жылының соңында жаңа қағи­да­ларға сәйкес 3013 педа­гог ұлттық біліктілік тесті­леуден өткен. Ағым­дағы жыл­дың 1 қыркүйегінен бастап жаңа жүйе бойынша біліктілік сана­тын алған педагогтарға жалақы мөл­шерінің 30-50 па­йы­зынан бастап төленеді. Кор­по­ра­тивтік басқару жүйесі ке­зең-кезеңімен жүзеге асы­ры­луда. Мектептердің 87 пайыз­дан (661 мектеп) астамында қоғамдас­тықтың қатысуымен Қамқоршылық ке­ңес­тер жұмыс істейді. Қамқор­шы­лық кеңестің мектеп директорын кон­курстық іріктеуге міндетті түрде қа­тысуы туралы норма бекітіліп, қа­зіргі уақытта мектеп дирек­торы жа­ңа талаптарға сәйкес тағайын­далуда.

 

Білім саласында орын алып жат­қан жаңалықтарды да баян­дап өткен Дәурен Жүнісов бү­гінгі таңда рес­пуб­ликамызда педагогтарды жұмыс­пен қам­тудың элек­тронды жүйесі енгі­зіліп жатқанын, Шым­кент қала­сының педагогтарды жұмысқа қа­был­даудың электронды жү­йе­сіне көш­кендігін, бұл бос жұмыс орнын іздеген педа­гогтарға өте қолайлы, сондық­тан облыста осы бағыттағы жұмыстарды қолға алу қажет­тігін айтты. Білім саласын да­мы­­тудың басты бағытының бірі – цифр­лан­дыру мәселесіне де тоқталды.

 

Мектептерді компью­тер­лендіру мәсе­лесі де назардан тыс қалмаған. Бұл орайда 1890 жалпы білім беру ұйымына компью­тер сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 382 млн. теңге бөлінген. Мектептердің 55 пайызы жоғары жылдам­дықты оптикалық-талшықты кабельді интернетпен, 41 пайы­зы спутникті интернетпен, 22 пайызы сымсыз Wi-Fi техно­логия­сымен қамтылып, 83 па­йызы инте­рактивті тақтамен, 50 пайызы лин­гафонды-муль­ти­медиалық, 46 па­йызы жаңа модификациялы кабинет­термен жабдықталған.

 

Мектептердегі интернет жыл­дамдығы лимитінің артуы 519 білім беру ұйымының (оның 410-ы ауыл мектебі) «Электронды күнделік» жүйе­сіне қосылуына мүмкіндік аш­ты. Өткен жылы «Bilim­Media­Group» компаниясының элек­тронды жүйе­сіне 737 мектеп қосылды, оның 238-і онлайн, 499-ы офлайн режимінде жұ­мыс істеуде. Облыс ұстаз­да­рының алдыңғы қатарлы тәжі­рибесімен бөлісу мақсатында интернетте жыл бойы 57 видео­сабақ жарияланды.

 

Жүргізіліп жатқан осындай жұ­мыстарға қарамастан «Күн­делік» жүйесін толтыру белсен­ділігі облы­сымыздың жалпы білім беру меке­мелерінде 30 пайызды құрайды. Бұл респуб­ликалық көрсеткіштен 19,4 пайызға төмен. Электронды журнал­мен жұмыс істеудің төменгі деңгейі Ақсу, Пан­филов, Кербұлақ, Сарқан, Ұй­ғыр ау­дандарында байқалуда. Электронды жур­налмен жұ­мысты жақсарту үшін пән ка­би­­неттері компьютерлік тех­никамен 100 пайыз қамтылуы керек. Қазіргі таңда облы­сы­мызда 19 174 пән кабинеті бар, оның 10 455-і талапқа сай жаб­дықталған. 2019 жылы толық­тай электронды журналға өту жоспар­ланған. Осыған орай 9006 пән каби­нетін компью­терлік техникамен қам­ту үшін 1,7 млрд. теңге қаржы керек.

 

Сонымен қатар электронды жур­налмен жұмыс істеуде қа­жет етілетін мобильді қосым­ша, планшет, смарт­фондарды қол­дану үшін мектептерді Wi-Fi желісімен қамту қажет, – деген бас педагог аудандық, қалалық білім бөлімдерінің бас­шыларына бұл мә­се­ленің дұрыс шешімін табуын қада­ғалауды тапсырды.

 

Қазіргі таңда Wi-Fi роу­те­рімен 168 мектеп қамтылған. Биыл тағы 103 мектепті қосу үшін жергілікті бюд­жеттен 300 млн. теңге бөлінген. Енді Wi-Fi желісін қалған 420 мек­тепке тарту қажеттілігі артуда екен­дігін еске салды.

 

Білім саласының негізгі мақ­саты – тұл­ғаның функцио­нал­дық сауат­тылығын қалыптас­тыру болып та­бы­лады. Басқарма басшысы осы орайда атқарылып жатқан жұмыстар жайын да сөз етіп, Ұлттық бірыңғай тесті­леудің қорытындысына тоқта­лып өтті.

 

– Биыл мектеп бітірген 17 069 тү­лектің 11 271-і Ұлттық бір­ың­ғай тестілеуге қа­тысты. Олар­дың 9345-і жоғары оқу орнына түсті, 5198 түлек грант иегері атанды. 10522 мектеп бітіруші межелі 50-ден жоғары балл жи­нады. Мектептердегі қоры­тын­ды аттестаттау бойынша 840 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды, олар­дың 559-ы жо­ғары оқу орын­дары­ның грант иегері болды. Ең жоғарғы 137 балды әл-Фараби атын­дағы да­рынды балаларға арналған маман­дан­ды­рылған гимназияның түлегі Аза­мат Әбдікамал жинады, – деді ол.

 

Инклюзивті білім беруді қажет ететін балалармен жұ­мысты жан­дандыру да бүгінгі уақыт талабы. Бұл мәселеге де дендей бойлаған бас­қарма бас­шысы осы орайда ше­шілуі тиіс мәселелерді алға тартты. Облы­сымызда бүгінгі күні оқытуда көмекті қажет ететін 11 085 жеткін­шек бар. Олар үшін кей­бір жалпы білім бе­ретін мек­тепте, балабақ­шада, кол­ледж­­дерде жағдай жасал­ған. Жалпы білім беретін ұйымдарда бұл санат­тағы 3717 бала білім алуда. Бірақ олардың 53 пайызы кор­рек­­циялық-педагогикалық кө­мекке зәру. Өйт­кені, логопед, дефектолог, тью­тор сынды ар­найы мамандар жет­кіліксіз. Бұл олқы­лықты толтыру үшін ло­гопед және дефек­толог ма­ман­­дарына 255 штаттық бірлік ен­гізу керек. Жалпы 2020 жылға дейін мектептердің 70 пайызына инклю­зивті білім беруді енгізу жоспар­ланып отыр.

 

Білім мен тәрбие – егіз. Осы орайда мектептерде Елбасы Н. На­зар­баевтың «Болашаққа бағ­дар: руха­ни жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ая­сында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы: 5 базалық ба­ғыттан тұратын 3 арнайы жоба іске асырылуда. Бұған да егжей-тегжейлі тоқтал­ған бас педагог «Туған жер» жобасында «Ота­ным – тағдырым», «Өлкетану», «Сана­лы азамат» бағыт­тары бойынша 2018–2022 жылдарға 36 шара жоспарланғанын, бү­гінгі таңда «Тәрбие және білім» кіші бағдар­ламасы аясында 17 шара атқа­рылып, оған барлығы 2000 педагог, 87 000 оқушы қам­тыл­ғанын жеткізді.

 

2017 жылы 6 колледжде жа­ңа жұмысшы мамандықтары ашылды. Ал биылғы жылы қо­сым­ша цифр­лан­дыруға, индус­трия­­лан­дыру және өн­ді­рістің ав­то­мат­тандырылуына бай­ла­нысты 8 колледжде жаңа ма­ман­­дықтарды ашу үшін облыстық бюд­жеттен 130 млн. теңге қар­жы бө­лінді.

 

Республика көлемінде құ­рыл­ған 20 құзыреттілік орта­лықтың тізіміне енген Алматы облысының қызмет көрсету жә­не тамақтандыру сала­сындағы инновациялық техноло­гиялар колледжіне 20 млн. теңге қаржы бөлініп, материалдық базасын ны­ғайту жұмыстары жүр­гіз­і­луде.

 

Модульдік бағдарлама негі­зінде техни­калық және кәсіптік білім беру жүйесі мамандар даярлауда. Бірінші деңгейде білім алушылар 2 жұ­мыс­шы біліктілігін, екінші деңгейде орта буын маманы біліктілігін алуда. Осыған байланысты, «Кә­сіпқор» Холдингі» ағылшын тілінде 8 кол­ледж­дің 11 арнайы пән оқыту­шы­ларын Ұлыбри­тания, Малайзия, Фин­ляндия, Чехия мемлекет­терінен тағы­лымдамадан өткізді. Әлемдік стан­дарттарға сәйкес арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқы­ту біртіндеп іске асырылуда.

 

Ағымдағы жылы жоспарға сәйкес 8 колледждің үшеуі ак­кре­диттеуден өтті. Нәтижесінде Жаркент гумани­тарлық-техни­калық, Талдықорған поли­тех­никалық және Талдықорған ме­ди­циналық колледждері жоғары колледж мәртебесіне ие болып, бака­лавр мамандарын даярлауға мүмкін­дік алды.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыру мақсатында жүр­гі­зі­летін Қазақстан колледждерінің ұлттық рейтингісінде Алматы облысының тамақтандыру сала­сындағы инновациялық техно­ло­гиялар колледжі, Талды­қор­ған қала­сындағы жоғары меди­циналық, поли­тех­никалық, аг­ро­техникалық кол­ледж­дері ал­дыңғы орындарды ие­ленді. Бұл жетіс­тіктер арқылы оқу орын­да­ры сапалы білім берудің тұ­рақ­­ты жүйесін қалыптастырса, тү­лек­тер үшін жұмысқа орнала­судың бас­ты кепілі болмақ.

 

Техникалық мамандықтарға ха­лық­­аралық стандарттар негі­зінде кә­сіби бағдар беру мақ­сатында «World­Skills» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізіліп, қорытындысы бойын­ша 82 қатысушының 13-і Ұлт­тық чемпионатқа жолдама алды.

 

Республика бойынша дуаль­ді оқытуды енгізген 460 кол­ледж­дің біздің облыстағы 34 колледжі тек 7,4 пайызды құ­райды. Үсті­міздегі оқу жылында жоғарыда аталған Жол кар­та­сына тағы да 6 колледж енгі­зіліп, қазіргі уақытта келі­сім­шарттарын қарас­тыруда.

 

Облыс аумағында 2 975 же­тім бала мен ата-анасының қам­қор­лы­ғынсыз қалған бала бар. Аталған санаттағы балаларды қолдау мақса­тында соңғы 3 жыл ішінде 66 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта да аталған санаттағы балаларды баспанамен қамту мәсе­лесі ерекше назарда бол­мақ.

 

Жасөспірімдер арасындағы құ­қықбұзу­шылықтың алдын алуда қо­сым­ша білім беру ұйым­дарының рөлі жо­ғары. Бүгінде облыс оқушы­ла­ры­ның 79 пайызы қосымша білім бе­ру­мен қамтылғанмен Кербұлақ, Ұй­ғыр аудандарында қосымша білім бе­ру ұйым­дары жоқ. Сон­дай-ақ, спорт сек­цияларына қамту Қарасай, Іле, Кер­бұлақ, Талғар аудан­дарында төмен.

 

Міне, осылайша жетіс­тік­термен қатар кемшіліктерді де алға тартқан басқарма басшысы баяндамасын:

 

– Биылғы жылы білім беру жүйе­сін дамытуда айтарлықтай жетіс­тіктерге жеттік. Жаңашыл ұстаздар­дың арқасында алар асулар мен ба­ғын­дыратын бе­лестер келер жылы жет­кілікті дәрежеде болады деп се­немін. Ел­басымыздың «Төртінші өнер­кә­сіптік революция жағ­да­йын­дағы даму­дың жаңа мүм­кін­діктері» Жолдауының негізгі идея­сын жүзеге асыруға үлес қоса­тын об­лыстың педа­гогикалық ұжымы аян­бай еңбек етеді деп сендіремін, – деп аяқ­тады.

 

Баяндамадан кейін мінберге ҚР Білім және ғылым министр­лігі жо­ғары және жоғары оқу орнынан ке­йін­гі білім депар­таментінің дирек­торы Әділет Тойбаев көтерілді. Ол Қазақ­стандағы білім беру саты­ла­рына жекелей тоқталып өтіп, бала­бақшадағы, мектептегі және кол­ледж­дегі әлі шешімін тап­паған кейбір түйткілді мәсе­лелерді атап көрсетті. Алдымен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмысын жан-жақты баяндаған Әділет Жүніс­ұлы жалпы республика бойын­ша бүлдіршіндерді балабақ­шамен қамту деңгейінің 93 па­йызды құрап отырғанын жет­кізді. Ал жалпы орта білім бере­тін мек­тептерде мұғалімдерді қайта даяр­лықтан өткізу мәсе­лесі қолға алын­ған. Мәселен, былтыр ұстаздардың 67 пайызы білімдерін ұштап, арнайы курс­тарда тәжірибе жинақтап қайт­қан. Сонымен бірге, респуб­ликада орта білім беретін мұға­лімдердің арнайы курстарын ұйым­дастыруға қатысты 73 қанатқақты жоба әзір­ленген.

 

– Алматы облысында үш ауы­сымдағы 23 білім ордасы бар. Жылда салынып жатқан жаңа мектептерге қарамастан бұл мәселе әлі де өзекті болып отыр. Бүгіннің өзінде Алматы облысында республикалық бюд­жет­тің есебінен төрт мектептің құры­лысы жүргізілуде, – деген Әділет Жүнісұлы дуальді оқыту, білім беру жүйесінде жаңадан қолға алынған «Атамекен» жо­басы жайын да тар­қатып өтті. Департамент директо­рының айтуынша, университет пен мектептердің арасында бай­ланыс аз. Бір ғана Талдықорған қаласында республикада, ха­лықаралық деңгейде топ жарып жүрген озық орта мек­тептер, лицейлер, гимназиялар бар. Ал мұндай білім ордаларына алы­натын мұғалімдерге қойылатын талап та жоғары. Сондықтан, жоғары оқу орындары заманауи талап үдесінен шығатын сапалы маман түлету керек.

 

Министрлік өкілінің мәлім­де­уінше, кәсіптік білім беру жүйесінде де заман талабына сай өзгерістер орын алған. Кәсі­би білім беретін колледж сту­денттері үшін арнайы 500 оқу құралы дайындалу үстінде. Мұн­дай оқулықтар білім­герлердің сала-сала бойынша мамандануына, сапалы білім алуына жол ашпақ. «Әрине, білім саласында реформа көп. Бірақ мақсат бір, ол – білім сапасын арт­ты­рып, әлемдік бә­се­кеде алдыңғы қа­тар­дан көріну. Сондықтан, рефор­ма­ларға тү­сіністікпен қарауымыз ке­рек», – деді департамент дирек­торы.

 

Тамыз кеңесінде облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ сөз сөйледі.

 

– Құрметті Тамыз кеңесіне қа­тысушылар, біз сіздермен жыл сайын тамыз кеңесінде бас қосып, ұлт болашағы – білім мен тәрбие туралы ой бөлісеміз. Облыстағы білім сала­сының дамуына талдау жүргізіп, бағытымызды айқындаймыз. Жаңа оқу жылында жаңа бастамаларға жетудің мақсат-міндеттері тұр, – деді ол. – Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Бі­лімді дамыта алмайтын елдің бола­шағы жоқ» деген сөзі барша­мызды ойландыруы тиіс. Осы орайда Мем­лекет басшысының Қазақстан хал­қына арнаған «Төртінші өнер­кәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы білім берудің жаңа сапасын айқындап берді. Жолдаудағы басым­дық берілген міндеттердің бірі – адами капиталды дамыту. Ұрпақ болашағына жауапты, білім мен ғылымның дамуына үлес қосушылар – ұстаздар қауымы. Ендеше Сіздерге қойылатын талап та жоғары. Жуырда Қазақстан Республикасында 2016– 2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың Жаңа бағдар­ламасы қабылданды. Онда алдағы уақытта білім саласында атқары­латын міндеттер белгіленді. Ендігі кезекте осы құжатты басшылыққа ала отырып, бағдарламаны орындау мақсатында жұмыстар жүргізу керек. Білім саласында биік нәтижеге же­туге облыста барлық мүмкіндік бар.

 

Бұдан әрі Амандық Ғаббасұлы білім саласы бойынша іске асыры­лып жатқан жұмыстарды баяндап, са­ладағы кемшін тұстарға да тоқталды. Облыс басшысының айтуынша, биыл облыста білім саласы бойынша бюд­жет көлемі 157 млрд. теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда біршама жоғары. Аймақта 22 білім нысанының құ­рылысы жүріп, қайта жаңғыртылуда. Осы нысандардың 11-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күті­ліп отыр. Білім күні 7 жаңа мектеп есігін айқара ашып, оқушыларды қа­былдамақ. Үш ауысымда оқыту мәсе­лесін оңтайлы шешу проб­лемасы да бүгінгі күні ерекше бақылауға алын­ған. Осы ретте былтыр 28 жаңа мек­теп пайдалануға берілген. Десек те туу көрсеткішінің жоғарылауы мен халықтың көші-қонының көбеюіне байланысты үш ауысымды мектеп­терді азайту мүмкін болмай отырған көрінеді. Әлі де болса үш ауысымда оқытатын 27 мектеп бар. Қосымша 4 мектептің құрылысы жүріп жатса, тағы 8 білім ошағының құрылысы басталмақ. Қалған 15 білім орда­сының жобалық-сметалық құжатта­масы әзірленуде.

 

Аудандарда бейімделген ғимарат­тарда орналасқан мектептер бар. Осы проблеманы шешу үшін шаралар қа­былданатын болады. Сондай-ақ, 30 білім нысаны күрделі жөндеуден өтпек, бұл үшін 6,9 млрд. теңге қара­жат бөлінген.

 

Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру мақса­тында 10 жатақхана салынуы тиіс. Осы­ған байланысты 8 колледждің жатақханасын тұрғызу үшін жоба­лық-сметалық құжаттама әзірлеуге об­лыс бюджетінен 16,0 млн. теңге қа­­ражат бөлінген. Бүгінгі таңда мек­тепке дейінгі білімді дамытуға ерек­ше көңіл бөлініп отыр. Осы жұ­мыс­тарды жандандыру бойынша атал­ған салаға мемлекеттік-жеке­мен­шік әріп­тестік тетіктері енгізі­луде.

 

Балғындар мектепке дейінгі тәр­бие және біліммен 95,6 пайыз қам­тылған. Мектепке дейінгі біліммен қамтуды 98 пайызға жеткізу үшін жыл соңына дейін тағы 5274 орынға арналған 68 жекеменшік балабақша ашу жоспарлануда. Бұл мәселеге аудандық және қалалық әкімдіктер мен білім басқармалары айрықша ден қойып, осы бағыттағы жұмысқа күш салулары тиіс. Бұл мәселеге облыс басшысы айрықша тоқталды.

 

Сондай-ақ, әкім саладағы ілкімді істер жайында да айтып өтті. Мә­се­лен, «Алтын бесік», «Премиум-Та­л­ғар», «Күншуақ», «Премиум-класс», «Сұң­қар», «Алтын ұя», «Фай­Заман», секілді үлгі тұтатын жеке­меншік ба­лабақшалармен қатар бала­ларға тәр­бие­лік білім беретін «Ер­кем-ай» ор­та­лығының жұмыс­тарына оң баға бе­ріліп, мұндай істерді одан әрі жан­дандыру қажет­тігі назарға алынды. «Туған жер» жобасы аясын­да мектеп сал­ған Ха­сан Абуев, Қанат Жұлынов сияқ­ты кәсіпкерлердің де есімдері ерек­ше аталып, білім сала­сын да­мы­ту­ға қосқан үлестеріне алғыс айтыл­ды.

 

Сонымен бірге жиында мек­теп­тердің материалдық-техникалық ба­за­сын нығайту бағытындағы жұ­мыс­тардың ерекше қарқынмен да­мып ке­ле жатқаны және бұл мақ­сатқа биыл 2 млрд. теңгеден аса қа­ражат қа­рас­ты­рылғаны сөз болды. Өткен жылы білім беру сапасын арттыру мақ­са­тында көптеген мә­селе көте­ріліп, осы бағытта кешенді жұмыстар жүр­гі­зіл­ген. Ағымдағы жылы 17069 мектеп бі­тірушінің 11336-сы Бір­ыңғай ұлт­тық тесті­леуге қатысып, оның 485-і 120-дан 137-ге дейін балл алған. Ор­та­ша көрсеткіш 85,1 баллды құрай­ды.

 

Бұқаралық спортты дамыту мақ­сатында дене шынықтыру және білім бе­ру мекемелерінде 5265 сек­ция жұ­мыс істеп, оған 133 мыңнан аса бала қам­тылған. Мұның өзі әртүрлі дең­гей­­дегі спорттық жарыс­тарға қаты­сып, жеңімпаз болуға мүмкіндік ту­ғы­­зуда.

 

«Цифрлы Қазақстан» мемле­кет­тік бағдарламасы аясында биыл жер­гілікті бюджет есебінен 413 млн. теңге қаражат қарастырылып отыр. Жоғары жылдамдықтағы интернетке 417 мектеп қосылса, кеңжолақты интернетпен барлығы 730 мектеп қамтамасыз етілген. Сандық білім беру ресурстарына 737 мектеп қол жеткізсе, 15 мектепте робототехника курсы енгізілген. «Күнделік» жүйе­сіне 519 білім беру ұйымдары қо­сыл­ған, оның 17 пайызы қалалық, 83 пайызы ауылдық мектептер.

 

Мектепке дейінгі білім беруде балаларды балабақшаға кезекке қою­ды автоматтандыру жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүруде. Бұл мақсатқа жергілікті бюджет есе­бінен 58 млн. теңге қаражат қарас­тыры­лыпты. Аймақтарда оқу-білім жә­не колледж ғылыми үдерістерін авто­маттандыруға жол ашатын «Smart-коллежд» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Желтоқсан айына дейін Талдықорған қала­сының үш мекемесінің базасында пилоттық негізе іске қосу жүзеге асырылмақ. «Нұр Отан» партия­сының баста­машылдық жобалары негізінде тегін ІТ-сынып ашу, ІТ-мамандар дайын­дау бойынша жос­пар­лы жұмыстар іске асуда. Бүгінде Талдықорған қаласы мен Еңбек­шіқазақ ауданында 2 ІТ-сынып ашылған. Қазіргі кезде облыстағы мектептерде барлығы 35 мыңнан аса педагог қызмет етеді.

 

Жиын барысында Амандық Ғаб­басұлы Мемлекет Басшысының 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу бойынша нақты жоспар әзірлеу жө­нін­дегі тапсырмасын орындау бағы­тындағы жұмыстардың барлық дең­гейдегі білім беру саласының қыз­меткерлеріне тікелей қатысты екенін атап өтіп, оны жетісулық педа­гог­тардың жоғары деңгейде атқара­тындықтарына сенім білдірді. Бү­гінде ұйымдар мен кәсіпорын­дарға қажет мамандардың жетіс­пеушілігі де маңызды мәселелердің біріне айналуда. Осыны оңтайлы шешу үшін «Барлығына арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру аясын­да мемлекеттік тапсырыс 97 адамға ұлғайып, 7346 адамды құраған.

 

Биыл еңбек нарығында сұра­нысқа ие жұмысшы мамандық­та­рына 1535 адам оқуға қабылданып, 5160 адам қысқа мерзімді курстарда біліктілігін арттырмақ. Жалпы, 74 колледжде 33 мыңнан аса білімгер оқытылуда. 75 мамандық дайын­далып, 133 адамның біліктілігін арттыру бойынша кадрлар әзір­ленуде. Колледждердің материал­дық-техникалық базаларын нығайту үшін жергілікті бюджет есебінен 128 млн. теңге қаражат қарасытырылған. Сонымен қатар, биыл облыстағы оқу орындарының жүз білімгеріне сұра­нысқа ие мамандықтар бойынша әдістемелік гранттар берілген. Бұл мақсатқа да облыстық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп отыр.

 

Ата-ананың қарауынсыз қалған жә­не жетім балалардың мәселесі де не­гізгі мәселелердің бірі саналады. Осы категориядағы балалардың са­ны 3 мыңнан асады. Осыған бай­ла­нысты өткен жылдан бері аймақта «Ба­лалар үйінсіз Жетісу» жобасы іске асырылып келеді. Осының шең­бе­рінде бүгінгі таңда қазақстандық аза­маттардың отбасыларына 236 ба­ла орналастырылған. Отбасылық тип­тегі балалар үйін ашуға, бала асы­рап алушы отбасыларды және па­тронаттық тәрбиені дамытуға был­тыр 240 млн. теңге бөлінсе, биыл бұ­ған 227 млн. теңге қаражат қарас­ты­ры­лыпты.

 

Айта кетейік, Балқаш, Сарқан, Кербұлақ, Ұйғыр және Талғар аудан­дары аталған жобаны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жүргізуге қажетті іс-шараларды қолға алмай отырған көрінеді. Сол сияқты жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік тұр­ғын үй қорынан баспана беру бо­йын­ша жұмыстар да өз деңгейінде жүргізілмеуде. Осы категориядағы балаларды баспанамен қамту мақ­сатында облыс әкімдігімен қосымша «Мейірім» акциясы басталып, осы­ның аясында тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ашылған бала­лар­дың жеке шоттарын толықтыруға кәсіпкерлер мен меценаттарды тарту жұмыстары көзделуде. Осының нә­ти­жесінде кәмелеттік жасқа толған балалардың жеке баспанаға қол жет­кізуіне мүмкіндіктер тумақ. Бі­рақ, жиында мәлім болғанындай, аталған акция кәсіпкерлер мен ме­це­нат­тардың арасында қолдауға ие бол­май отырған көрінеді. Осы ретте облыс басшысы жоғарыда айтылған мә­селелерді қайта қарап, оны іске асы­руға ерекше күш салу қажеттігін на­зарға салды. Сондай-ақ, әкім оқу­шы­лардың білім деңгейін кө­теруге ерек­ше ден қою керектігін айтып өт­ті.

 

Жиын барысында білім саласы бойынша алда атқарылуы тиіс жұ­мыстар да пысықталды.

 

– Заман талабына сай білім бе­ру­де ұстаздар қауымының жұмысы өте жауапты. Сол міндетті абы­роймен атқару үшін талмай еңбек ету керек. Сондықтан білім бас­қармасы аудан­дар мен қалалардың әкімдерімен бірлесіп, жоғарыда көтерілген мәсе­лелерді шешуі қажет. Сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды жыл соңына дейін 98 пайызға жет­кізу керек. Бұған қоса, білім беру жү­йесін цифрландыруда мектептерді жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз етіп, кәсіптік білім беретін оқу орындарында қа­жетті жаңа мамандықтар ашуды, мем­­лекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа мектептер мен бала­бақшалар ашу үшін жеке инвес­торларды тарту мүмкіндіктерін қа­рас­тыруды, облыс бойынша ІТ-сыныптар мен ІТ-лицей ашу мүм­кін­діктерін ойластыруды, білім са­ласының барлық бағытында авто­мат­тандыруды жүзеге асыру және жастар мен жасөспірімдер ара­сын­дағы қылмыс пен құқық­бұ­зу­шы­лық­ты қатаң бақылауға алуды тап­сы­рамын, – деді облыс басшысы.

 

Бұдан соң жарыссыөзге шыққан Орталық Азия университетінің бі­лім беруді дамыту бағдарламасының басшысы, профессор Бернадетта Дин Алматы облысы мектеп­те­рін­дегі білім беруді дамыту бағдар­ламасы, Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының атқарушы директоры Талғат Тұр­сын­баев мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестіктегі жаңа бағыттар жайын­да сөз қозғаса, Талғар ауданы, «Да­на» жеке­мен­шік білім беру мекте­бінің директоры Рената Төлегенова, Астана қаласы №54 лицейінің ди­ректоры Шәкәрім Сейсенбай, «Alpha Academy» білім академиясының директоры, Қазақ­стандық мате­матика пәні мұға­лім­дері ассо­циа­циясының вице-пре­зиденті Бақнұр Зиябеков TEDх фор­матында жаңа дәуірдің мектебін бас­қару тәжі­рибесімен бөлісті.

 

Пленарлық мәжіліс соңында кеңестің қарары қабылданып, жылдағы дәстүрге сай білім саласында жемісті еңбек етіп жүр­ген қызметкерлер ма­ра­патталды. Олардың бірқатары «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төсбелгілеріне қол жеткізсе, біразы облыс әкімінің Құрмет грамотасына, Алғыс хатына ие болды. Кеңеске қатысқандар айтылған келелі ой-пікір, ұсыныстардан көп ой түйіп қайтты.