Құрбан айт қабыл болсын!

Құрбан айт қабыл болсын!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

 

Күллі мұсылман жұртшылығы, соның ішінде біздің елімізде де бұл мерекені ерекше қуанышпен қарсы алады. Өзінің діни ұстанымдары мен салт-дәстүрлерін сабақтастыра білген халқымыз үшін Құрбан айт мейрамы аса қастерлі мерекелердің қатарында. Діни мазмұнмен астасқан бұл айтулы күн әр адамның жүрегіне иман нұрын ұялатып, татулыққа үндейтін, берекеге ұйытып, мұқтаж жандарға жәрдемдесуге, бауырмалдыққа бастайтын тамаша үрдістерімен құнды.

 

Бұл күні мұсылман қауым құрбан шалып, дұға жасап, ізгі тілек тілейді. Осы мейрамда атқарылған әрбір игі іс, әрбір қайырымдылық шарасы, әрбір тілек ортақ Отанымыздың, әр шаңырақтың береке-бірлігін арттырып, жақсылыққа бастауына тілектеспін!

 

Жарқын мерекеде баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс, ғибратты ғұмыр тілеймін.

 

Құрбан айт қабыл болсын!