
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу органдары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190 Жарлығына сәйкес 2018 жылғы қаңтар-ақпан айларында 787, соның ішінде облыс әкімінің, 272 аудан және қала әкімдерінің, 514 аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер және кент әкімдерінің есепті кездесулері өткізілді.
Есепті кездесулер барысында аудан, қала әкімдерінің және аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер және кент әкімдерінің атына 306 ұсыныс айтылды (2017 жылы - 352), оның 95-і - жолдарды жөндеу мен салу, 49-ы - абаттандыру, санитарлық және экологиялық жағдай туралы, 43-і - білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының құрылысы, 41-і - ауыз су мәселесі, 11-і - елді мекендерді электрмен, газбен, телефон байланысымен қамтамасыз ету, 2-еуі - тұрғын үй, 2-еуі - жер қатынастары, 63-і - өзге мәселер бойынша.
Есепті кездесулерінің қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Облыс әкімінің есепті кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына төмендегі 11 мәселе енгізілген. Олардың орындалуы үстіміздегі жылдың екінші, үшінші, төртінші тоқсанындарына жоспарланған.
Атап айтсақ Қарасай ауданы «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі 9 қабатты ғимараттағы бөлмелер дәрігерлік амбулатория етіп қайта құрылып, пайдалануға берілді.
Ақсу ауданы Ойтоған ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Алматы облысы Ақсу ауданының Ойтоған ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу» объектісі бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу республикалық бюджеттің есебінен 2019 жылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні жергілікті бюджеттен 20 млн.теңге бөлініп, тендер жарияланды.
Облыстағы мүгедектерді «Инватакси» қызметімен қамтамасыз ету үшін 9 автокөлік сатып алуға жергілікті бюджеттен 121,5 млн.теңге бөлінді. Қажыландыру жоспарына сәйкес автокөліктер ү.ж. қазан айында сатып алынады.
Жаркент қаласы Жібек жолы даңғылындағы №№ 34, 77-ші және Ш.Уәлиханов көшесіндегі №155-ші көпқабатты үйлердің аулаларындағы балаларға арналған спорттық алаңдарды күрделі жөндеуге 30,4 млн. теңге бөлінді. Үстіміздегі жылдың маусым айында конкурс өткізіліп, мердігер компаниямен келісім шарт жасалуда.
Балқаш көліне апаратын автомобиль жолының құрылысы бойынша: облыстық маңызы бар «Алматы - Өскемен - Лепсі - Ақтоғай» автомобиль жолының 0-110, 0-35 шақырым учаскелерін қайта жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Ащылыөзек өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу, 4 км айналмалы жол салу жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл ауданы Беріктас ауылындағы орта мектепке «Проект «Аида» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Қаратал аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстарын «Экспресс-строй» құрылыс компаниясы атқаруда. Аяқталу мерзімі 2019 жылдың мамыр айына жоспарланған.
Шарын шатқалына баратын атомобиль жолын жөндеу үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. тенге бөлініп, қазіргі кезде су өткізгіш құбырларды орнату жұмыстары жүргізілуде.
«Алматы облысында 2018-2020 жылдарға арналған туризмді дамытудың Жол картасы» аясында 17 сервистік кешен салу, соның ішінде Шарын шатқалы аймағында инфроқұрылымдық нысандардың құрылысы қарастырылыған. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар дайындалуда.
Талғар ауданының 6 елді мекендерін (Төңкеріс, Қызылту, Арқабай, Ақдала, Ақтас, Жалғамыс ауылдары) газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді. Бүгінгі күні инвестициялық қаржы есебінен Қызылту, Төңкеріс ауылдарындағы желілердің құрылысы басталды. Қалған 4 жобаны іске асыру бойынша инвестициялық компанияларды тарту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Өстемір, Туғанбай, Нұра, Көктал, Дәулет, Қайнар және Еламан ауылдарына газ тарату желілерін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге ашық конкурс жарияланды.
Іле ауданы Байсерке ауылдық округін бөлу арқылы жаңа ауылдық округ құру мәселесі зерделенуде.
Аудан және қала әкімдерінің есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына 149 ұсыныс енгізілген (2017 жылы - 176). 2018 жылдың екінші тоқсанына 26 ұсынысты іске асыру жоспарланып,
(Талдықорған қаласы – 9, Жамбыл ауданы – 6, Ақсу ауданы – 3, Алакөл, Ескелді, Райымбек аудандары – 2-ден, Панфилов, Ұйғыр аудандары – 1-ден,), олар толығымен орындалды.
Мысалы Талдықорған қаласы әкімінің есептік кездесулерінде тұрғындардан түскен 12 ұсыныстың 1-еуі бірінші тоқсанда, 10-ы, екінші тоқсанда толығымен орындалды.
Яғни Жасталап көшесі, 54/49 мекен-жайында орналасқан жеке меншік құқығындағы жер учаскесі балалардың демалысына арналған стационарлық лагерь ашу үшін сатып алынып, жобаның құнын есептеу жұмыстары жүргізілуде.
«Жастар-1» тұрғын ауданынан "Магнум" сауда орталығына дейін баратын №24 автобус маршрутының жаңа бағыты әзірленуде.
Қалалық қоғамдық көліктерді заманауи, ыңғайлы автобустарға ауыстыру жөніндегі ұсыныс бойынша "Ақнар", "Transtal" ЖШС тасымалдаушы кәсіпорындары жаңа 11 автобус сатып алды.
Еркін ауылындағы Болашақ көшесі, 10 және 10 «а» үйлердің тұрғындарына баспаналарын жөндеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Көпқабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру мәселелері кезекпен шешімін табатын болды.
Қаблиса жырау - Ғ.Орманов көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату үшін сараптама қорытындысын алуға конкурс жарияланды.
Брусиловский көшесін жөндеу «Қаланың қосымша және ауылдық елді мекендердің көшелеріне күрделі жөндеу» жобасы бойынша үстіміздегі жылдың жұмыс жоспарында қарастырылған.
Жамбыл ауданы әкімінің есептік кездесулерінде айтылған 6 ұсыныстың барлығы екінші тоқсанға жопарланып, өз шешімін тапты.
Атап айтқанда, Беріктас, Үңгіртас, Қасымбек ауылдарындағы орта мектептерге, Айдарлы ауылының ауыз су жүйесіне, Қарғалы ауылындағы Ә.Бейсеуов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, Үлгілі ауылы орта мектебіне спортзал салынуда.
Ақсу, Алакөл, Ескелді, Райымбек, Панфилов, Ұйғыр аудандары әкімдерінің есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың барлығы өз шешімін тапты.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер мен кент әкімдерінің есепті кездесулерінің қорытындысы бойынша 157 ұсыныс іс-шаралар жоспарына енгізілген (2017 жылы - 176). Соның ішінде екінші тоқсанда 36 ұсыныстың орындалуы жоспарланған және олар толығымен орындалған.
Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен өткізген есепті кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы тұрақты бақылауға алынып, облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктерінің отырыстарында тоқсан сайын қаралып отырады.
Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен өткізген есепті кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді орындау жұмысы жалғастырылуда.