Аулалық футбол клубтарының жас спортшыларына доп таратылды

Аулалық футбол клубтарының жас спортшыларына доп таратылды

Осы жексенбіде облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма Талдықорғандағы «Жастар» саябағының амфитеатрында Ресейде өткен футболдан Әлем чемпионатының ақтық сынын ашық аспан астында тамашалауды ұйымдастырды. Әлемдік доданы үлкен экраннан өңір жұртшылығымен бірге облыс әкімі Амандық Баталов та көрді.

 

Матч басталмас бұрын облыс әкімі А. Баталов сөз алып:

 

- Бүгінгі футбол жарысын сіздермен бірге тамашалауға келдім. Ақтық сында екі үздік құраманың мықтысы жеңіп шығатынына сенімдімін. Қаланың аула клубтарында футболға жаттығып жүрген жас бүлдіршіндеріміздің арасынан да әлем чемпиондары шығуына тілетеспін, - дей келе талдықорғандық аула клубтарының жас футболшыларына теңбіл доптар сыйға тартты. Футбол добына ие болғандар қатарында Талдықорған қаласының «Былғары доп» чемпионатына қатысып жүрген «5 шағынаудан», «Шығыс», «Жастар», «Еркін», «Каратэ орталығы», «Жетісу» сияқты бірқатар аулалық клубтар бар.