Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Талдықорғандағы Оқушылар сарайының концерт залында салтанатты жиын өтті. Жиналғандарды облыс әкімінің атынан кәсіби мерекелерімен облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов құттықтады.

 

А. Байжанов мемлекеттік қызметшілерге ризашылығын білдіріп, бірқатар азаматтарды марапаттады.

 

Мәселен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев пен Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісовке берілді. Сол сияқты бірқатар мемлекеттік қызметшілерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.

 

С. Нұрғисаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген кәсіби мемлекеттік аппарат құру тапсырмасын орындауға бағытталған шараларды жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесі үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің грамотасын облыс әкімі аппаратының басшысы Б. Байжұмановқа, Қапшағай қаласының әкімі Т.Қайнарбеков пен Алакөл ауданының әкімі А.Жақанбаевқа ұсынды.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.