Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындады

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындады

Тағайындау

 Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалымжан Темірғалиұлы Дәрібаев облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

 Ғалымжан Темірғалиұлы ДӘРІБАЕВ

1988 жылы туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша  бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы қаржы басқармасының компьютер құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі операторы болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы облысы қаржы басқармасының бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы, осы бөлімнің, сол сияқты басқару аппараты және әлеуметтік салалар, білім, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттің орындалуын талдау және бақылау бөлімдерінің бас маманы, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алу және мониторинг бөлімінің басшысы  лауазымдарын атқарды.

2017 жылдың тамыз айынан – Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары.

 Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінен босатылды.