
Биылғы жылдың 12 маусымында Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаев өңірлерде бейнеконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы халық алдында есептік кездесуін өткізеді. Кездесу барысында Энергетика министрі Министрліктің қызметі, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, көмір, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндайды және сұрақтарға жауап береді.
Есептік кездесу 2018 жылдың 12 маусымында сағ.15-00-де мына мекенжайда: Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимараты, киноконцерт залында өтеді.
Видеоконференция байланысы Алматы облысында келесі мекен-жай бойынша өтеді: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38, облыс әкімдігінің ғимараты.
Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе a.atantaeva@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz электрондық поштасына жолдауға болады.
Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтында қызмет ететін «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болады: http://www.energo.gov.kz.