
2021 жылғы 13 наурыздағы жағдай бойынша зертханалық тексеру арқылы расталған КВИ-дің 11532 дерегі тіркелді.
Соңғы тәулікте КВИ-дің 90 дерегі анықталған. Соның ішінде Талдықорған қаласында – 15, Талғар ауданында - 13, Панфилов ауданында – 12, Іле, Қарасай аудандарында - 10-нан, Еңбекшіқазақ ауданында - 9, Балқаш ауданында - 4, Ұйғыр ауданында - 3, Райымбек, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Сарқан, Көксу аудандарында - 2-ден, Текелі, Қапшағай қалаларында – 1-дан.
01.08.2020 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 2279 жағдайы тіркелген, соңғы тәулікте 9 дерек Еңбекшіқазақ (2), Қарасай (7) аудандарында тіркелді.
Сырқаттармен байланыста болған 15 адам үй карантинінде, медициналық бақылауға алынған.
13.03.2021 жылы зертханалық ПЦР тәсілімен 479 021 адам тексерілген. Ал соңғы үш күнде тексеруден өткен адам саны – 7522.
Ауруханаларда 607 адам ем қабылдауда, соның 25-інің жағдайы ауыр, 495 адам амбулаториялық ем алып жатыр.
Қазіргі кезде вакцинаның алғашқы компоненті 4726 адамға салынды, ал жалпы вакцинаның 2 компонентімен 1367 адам, екінші компонентімен 1382 адам қамтылды.