Латын қарпіне көшуге дайындық жұмыстары жалғасады

 Латын қарпіне көшуге дайындық жұмыстары жалғасады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі - қазақ қарпін латын графикасына көшіру. Бұл ретте Алматы облысында ақпараттық насихат жұмыстарымен өңірдің 38 380 тұрғыны қамтылып, осы мәселеге қатысты 300-ден астам шаралар өткізілген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде орындалуы туралы брифинг өткізген облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

 

Насихат жұмыстарының аясында «Латын әліпбиінің қолданылуы», «Қазақ жазуы» атты әдістемелік құралдар шығарылып, таратылды. БАҚ арқылы «Латын әліпбиі – өркениетке тура жол» атты сериялық бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.