«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында 243 мәдениет үйі жөнделмек

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында 243 мәдениет үйі жөнделмек

Алматы облысында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жуық жылдарда облыстағы 243 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіледі. Оның 7-еуі өткен жылы жасалса, биыл 11 жобалық-сметалық құжаттама, 2 қалпына келтіру және 3 күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде орындалуы туралы өткен брифинг барысында облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

 

«Жырға тұнған мекенім – Жетісуым» жобасы бойынша 43 жергілікті ақын-жазушының кітаптары жарық көрді. «Жетісу балалар кітапханасы» жобасы бойынша 6 автордың балаларға арналған түрлі жанрдағы антологиясы басылып шықты, сөйтіп 24 мың дана кітап оқырманға жол тартты.