
Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» негізгі бағыттарының 308 жобасын жүзеге асыруға 37,1 миллиард теңге қаражат жұмсалады. Оның ішінде екі жылда өңірдегі меценаттар мен кәсіпкерлердің үлесі 9,4 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен облыс әкімінің брифингісінде белгісі болды.
- Өткен жылы желтоқсан айында Талдықорған қаласында арнайы «Рухани жаңғыру» орталығын аштық. Бүгінгі күні облыста жасақталған Жобалық кеңсенің кәсіби мамандар тобы осы ғимаратта жұмыс жасап отыр. Бағдарламаға облыстағы ірі меценаттар мен кәсіпкерлер қолдау білдіріп, белсене атсалысты. Бағдарлама аясында Қарасай ауданында Тұңғыш Президент – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы, «Батыр бабалар» музейі жаңадан салынып, іске қосылды, - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.