Кербұлақ ауданының жаңа әкімі таныстырылды

Кербұлақ ауданының жаңа әкімі таныстырылды

Махаббат Сәдуақасұлы БИГЕЛДИЕВ

1961 жылы туған. Алматы архитектура құрылыс институтын және «Қайнар» университетін бітірген, мамандығы бойынша құрылыс инженері, заңтану бакалавры.

 

Еңбек жолын Күрті аудандық Орталық жылу жүйесінің шебері болып бастап, кейін бас инженері болды.

 

Әр жылдарда коммуналдық шаруашылық саласында әртүрлі деңгейдегі қызметтер атқарды. Күрті ауданының бас сәулетшісі, аудандық халық депутаттарының Күрті селолық кеңесі төрағасының орынбасары, Талғар ауданының Нұра және Тұздыбастау ауылдық округтерінің әкімі, Жамбыл және Қарасай аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Жамбыл, Панфилов аудандарының, Талдықорған қаласының әкімі, облыс әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.

 

2016 жылдың сәуір айынан - Қарасай ауданының әкімі.

 

Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бағдат Байшалұлы Әлиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Кербұлақ ауданының әкімі қызметінен босатылды.