Облыстық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясы өтті

Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Атап айтқанда: 
1) Алматы облысының 2017 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы; 
2) Алматы облысы бойынша 2017-2021 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы; 
3) Алматы облысы Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округінде жаңа ауыл құру және оған “Жаңа Қуат» атауын беру туралы; 
4) Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы; 
5) Облыстық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының төрағасын сайлау. 

Жиын барысында депутаттардың бірауыздан қолдауымен төмендегі шешімдер қабылданды: 
1) Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» жылдық есебі бекітілді. 
2) «Алматы облысы бойынша 2017-2021 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» облыстық мәслихат шешімі қабылданды. 
3) «Алматы облысы Талғар ауданының Гүлдала ауылдық оругінде жаңа ауыл құру және оған “Жаңа Қуат» атауын беру туралы» облыстық мәслихат шешімі қабылданды. 
4) Қаратал ауданындағы Қаңбақты ауылдық округін Бәйшегір ауылдық округі, Қаратал ауданындағы Үштөбе қалалық округінің Фрунзе ауылын Достық ауылы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Қаратұрық ауылдық округінің Мелиоратор ауылын Арна ауылы болып қайта атау туралы облыстық мәслихат шешімі қабылданды. 
5) Келесі сессияның төрағасы болып облыстық мәслихаттың депутаты Төлеу Құмарбекұлы Сарпеков сайланды. 

Осы отырыста қуанышты жаңалықтар да орын алды. Сөзімізді нақтылайтын болсақ, "Біздің депутат" атты республикалық қоғамдық - саяси газетімен 2017 жылда жүргізілген рейтинг қорытындылары бойынша Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Дүйсембінов Сұлтан Мырзабекұлы "Үздік мәслихаттың хатшысы" және облыстық мәслихаттың депутаты Осан Жанкелді Көшімбайұлы "Үздік депутат" атағына ие болды. Осы аталған азаматтарға құрметті атақ пен соны растайтын медальдарды "Біздің депутат" және "Тәуелсіздіктің ақ таңы" атты республикалық қоғамдық - саяси газеттерінің бас редакторы Сегізбаева Эльмира табыстады.