КВИ-ге қатысты эпидемиялық жағдай туралы ақпарат

КВИ-ге қатысты эпидемиялық жағдай туралы ақпарат

12.03.2021 жылғы мәлімет бойынша, КВИ-дің зертханалық расталған 11442 жағдайы тіркелді.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 76 дерегі анықталды. Соның 16-сы – Талғар ауданында, 15-і – Талдықорған қаласында, 9-ы – Панфилов ауданында, 7-еуі – Жамбыл, Қарасай аудандарында, 5-еуі – Көксу ауданында, 4-еуі – Еңбекшіқазақ ауданында, 3-еуі – Іле ауданында, 2 жағдайдан – Ұйғыр, Ескелді, Қаратал аудандарында, 1 жағдайдан – Кербұлақ, Райымбек аудандарында, Қапшағай, Текелі қалаларында болды. Олармен байланыста болған 328 адам анықталды, олардың барлығы үй карантинінде медициналық бақылауда.

Ауруханада 564 адам ем қабылдауда, соның 22-сі ауыр халде, 399 адам амбулаториялық ем алып жатыр.

12.03.2021 жылғы жағдай бойынша, зертханалық ПЦР текстен 476 474 адам өтті. Соңғы үш күнде 3231 адам тексеруден өткен.

Қазіргі кезде вакцинаның алғашқы компоненті 3778 адамға салынды, ал жалпы вакцинаның 2 компонентімен 1367 адам қамтылды.