Сіздерді «Музей түні» күтеді!!!

Сіздерді «Музей түні» күтеді!!!

18 мамырда Халықаралық музей күніне орай М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде дәстүрлі «Музей түні» тарихи-танымдық акциясы өтеді.

 

Бағдарламасы:

 

- Сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін – «Қолөнер жәрмеңкесі» көрмесі, мұнда қолөнер бұйымдарын сатып алуға болады;

 

- 19.00-де – «Музей түні» шарасының салтанатты ашылуы, «2018 жылдың үздік аудандық музейі» байқауының қорытындысын шығару;

- 19.30-да - ғарышкер, «Халық қаһарманы» Айдын Айымбетовпен кездесу;

- 20.00-де – облыстық Сүйінбай атындағы филармония мен «Melomen» тобының мерекелік концерті.

 

Сол сияқты «Әр кезеңдер мен халықтардың ыдыс-аяқтары», «Ойыншықтар әлемінде», «Ғасырлар қойнауындағы тарих», «Мұрағаттар сөйлейді...», «Теңдессіз зергерлік бұйымдар» және т.б. жаңа көрмелер қойылып, безендіріледі.

 

«Музей түні» акциясы 18 мамыр күні сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін өтеді.

 

Акция аясында музейге кіру ТЕГІН.

 

Мекенжайы: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 245. Тел.: 24-30-58/24-29-52