Алматы облысына Мәдениет және спорт министрі келді

Алматы облысына Мәдениет және спорт министрі келді

Министр сапарын Талдықорған қаласындағы бірқатар нысандарды, атап айтқанда Көрме кешені, Салтанат сарайы, «Рухани жаңғыру» орталығы, Қаратал жағалауын аралап көруден бастады. Сонымен қатар салынып жатқан  нысандардың құрылыс алаңдарында болды.

Ертең министр облыс әкімдігінде туризм саласы бойынша өтетін кездесуге қатысып, Панфилов ауданындағы бірқатар маңызды нысандарға барады деп күтілуде.