Өнерпаздарды Өзбекстанға шығарып салды

Өнерпаздарды Өзбекстанға шығарып салды

Алматы облысының өнерпаздары Өзбекстан Республикасына аттанды. Бауырлас елде өнер көрсетуге жолға шыққан ұжымдар қатарында Сүйінбай атындағы облыстық филармония, «Алатау әуендері», «Құлансаз», «Үшқоңыр» ән-би ансамбльдері бар. Барлығы 116 адам Өзбекстан Республикасындағы Алматы облысының күндеріне қатыспақ.

 

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының директоры Данияр Құрамысовтың айтуынша, Ташкент қаласында 12-сі күні үлкен концерт өтеді. Онда жетісулық өнерпаздар халықтық өнерімізді танытумен қатар өзбек ұлтының да ән-билерін ұсынбақ. Осыған орай тың репертуар түзіліп, жаңа костюмдер тігілген. Өнерпаздарды  әріптестері салтанатпен шығарып салды.