
Серік Жұмаханұлы ҚАБДОЛДАНОВ
1974 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін ветеринария дәрігері және экономика және бизнес бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Көксу ауданындағы «Самал» кіші кәсіпорнында жұмысшы болып бастаған.
1998 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Талдықорған қалалық, Көксу аудандық аумақтық инспекцияларының маманы, бас маманы, бөлім бастығы, инспекция бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарын атқарған.
2012 жылдың ақпан айынан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары лауазымында.