Халықаралық театр күнімен құттықтады

Халықаралық театр күнімен құттықтады

Халықаралық театр күніне орай облыс әкімнің орынбасары Жақсылық Омар Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында болып, өнерпаздарды құттықтады.

 

Өз құттықтау сөзінде Ж. Омар театрдың қоғамды тәрбиелеудегі рөлі, эстетикалық талғамды қалыптастыратын, мәдени құндылықтарды ұлықтайтын рухани азық екеніне тоқталды. Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының рухани тәрбиеге зор үлесін қосып отырғанын айта келе, бұл өнер ұжымының мазмұнды да жарқын қойылымдарымен, режиссерлік шешімдерімен, актерлық таланттарымен көрерменін әлі де ұзақ жылдар бойы тәнті ете беретініне сенім білдірді. Мұнан соң театр қызметкерлеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын тапсырды.

 

Осы шарада көрермендерге Бикен Римова атындағы облыстық драма театры тарихынан сыр шертетін «Өнегелі өнер ордасы» атты деректі фильм көрсетіліп, «Өнердің шамшырағы» атты тетарландырылған көрініс қойылды.

 

Атап өтсек, Талдықорғанда салынып жатқан жаңа драма театр ғимаратының құрылысы күз айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұл мәдениет ошағының сыртқы және ішкі келбеті, жабдықталуы ерекше үлгіде болмақ. Мұндағы көрермендер залы 510 орынға арналған.