Ашық есік күніне шақырады

Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Талдықорған қаласы Жансүгіров көшесі 149 мекенжайында өтетін Ашық есік күніне шақырады.

 

 

 

Шараға қатысушылардың барлығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады.

 

 Болашақ зейнеткерлерге келесі сауалдар бойынша кеңес беріледі:   

 

- зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;

 

- зейнетақы жүйесіне 01.01.2018 жылдан бастап енгізілген өзгерістер;

 

- кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;  

 

- 01.01.2018 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу;

 

- базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер.

 

«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді. Қатысушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына орай өздерін толғандырған сауалдарға жауап алумен бірге мамандардан да жеке кеңес ала алады.