КВИ-мен сырқаттануға қатысты 2 наурыздағы дерек

КВИ-мен сырқаттануға қатысты 2 наурыздағы дерек

Алматы облысында 2 наурыздағы жағдай бойынша, бір тәулікте КВИ-дің 48 дерегі анықталған. Соның ішінде Талғар ауданында – 16, Талдықорған қаласында – 12, Панфилов ауданында – 9, Жамбыл ауданында - 5, Қаратал, Ұйғыр аудандарында – 2-ден, Текелі қаласында және Ескелді ауданында – 1 жағдайдан.

Олармен байланыста болған барлығы 105 адам анықталған. Барлығы да үй карантинінде, медициналық бақылауда.

Соңғы тәулікте анықталмаған пневмония сырқатын 4 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Олармен байланыста болған 7 адам да медициналық бақылауға алынған.

Соңғы 3 күнде 4 756 адам ПЦР тестілеуден өткен. Ал жалпы бүгінгі күнге дейін осындай зертханалық бақылаудан өткендер саны облыста 457166-ға жетті.

Айта кету керек, Алматы облысында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторингтік топтар 22-28 ақпан аралығында шектеу шараларын бұзған 75 деректі анықтаған. Соның 52-сіне айыппұл салынған.  Мониторингтік топ мүшелері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға байланысты, тұрғындарды отбасылық көпшілік шараларды өткізбеуге, халық көп жиналатын орындарға мүмкіндігінше бармауға шақырады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.