Өткен жылғы есептегі ұсыныстар нәтижесі айтылды

 Өткен жылғы есептегі ұсыныстар нәтижесі айтылды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өткен жылғы есеп беру жиынында тұрғындар тарапынан 11 сауал қойылған болатын. Бүгінгі күнге сол сауалдарда көтерілген мәселелердің бәрі толық шешімін тапты.

 

Атап айтқанда, Ақсу ауданы Ащыбұлақ ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып, Қарасай ауданы Береке ауылындағы жекеменшіктегі мәдениет үйі сатып алынды.

 

Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дәрігерлік амбулатория салынып, Іле аудандық орталық ауруханасы жанынан 125 төсектік перзентхана құрылысының ТЭН-і жасалды. Панфилов аудан Үлкеншыған ауылындағы мектепке жапсарлас құрылыс жүргізіліп, Үштөбе қаласының ішкі жолдары күрделі жөндеуден өтті.

 

Сол сияқты елді мекендердің аумағында орналасқан түрлі деңгейдегі 382 шақырым автокөлік жолына жөндеу жасалды. Талғар ауданы Нұра ауылындағы «Төле би» және «Бәйдібек» шағын аудандары электр жүйесімен қамтылды.

Талдықорған қаласындағы жаңа шағын аудандарға жол төселіп, жеке тұрғын үй салынатын тұрғын аудандарда сумен қамту мен су тартудың бірыңғай сыртқы жүйесінің, қалаішілік газбен қамту жүйелерінің құрылысы басталды.

 

Аудан, қала және ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесулері бойынша әзірленген іс-шаралар жоспарындағы 352 сұрақтың барлығы да шешімін тапты.