Тұрғын үймен біріктірілген 66 учаскелік полиция пункті салынды

Тұрғын үймен біріктірілген 66 учаскелік полиция пункті салынды

Алматы облысында соңғы бес жылда ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 11 млрд. теңге, соның ішінде 2017 жылы 3,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін ел алдындағы есеп беру кездесуінде облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

 

Аудан, қалалардағы қоғамдық орындарда Ішкі істер департаментінің пультіне шығатын 766 бейнекамера орнатылды, биылғы жылы тағы 550-і қойылатын болады.

 

Оған қоса тұрғын үймен біріктірілген 66 учаскелік полиция пункті салынып, 2018 жылы 111-інің құрылысы жүргізіліп, 2019 жылы олардың құрылысы толық аяқталатын болады.