«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 13 жобаны іске асыруға 2,3 млрд. теңге бөлініп отыр

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 13 жобаны іске асыруға 2,3 млрд. теңге бөлініп отыр

Алматы облысында 2015-2017 жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 84 жобаға 77,3 млрд. теңге бөлініп, оның 73-і іске қосылды. Бұл деректі бүгін тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында облыс әкімі А. Баталов айтты.

Өткен жылы 29 мектеп, Талдықорған қаласындағы №4 қазандық, Кербұлақ, Талғар, Қарасай, Панфилов аудандарының 6 елді мекені мен Талдықорған, Текелі қалаларындағы сумен қамту жүйелері пайдалануға берілді.

Шағын және орта бизнестің 3 нысанына инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, соның ішінде «Қайрат» индустриалды аймағы сумен қамтылды. Биылғы жылы 13 жобаны іске асыруға 2,3 млрд. теңге бөлінді.