
Құрметті жетісулықтар!
2021 жылдың 27 ақпанында Талдықорған қаласындағы «Облыстық ауруханасы» диагностикалық-кеңес беру бөлімі «АШЫҚ ЕСІК» күніне шақырады.
Сағат 8:00 - 14:00-ге дейінгі аралықта өткізілетін шарада келушілер: эндокринолог, отоларинголог, офтальмолог, травматолог, уролог, хирург, нейрохирург, ангио хирург, ревматолог, невропатолог, гематолог, нефролог мамандарынан тегін медициналық кеңес алып, тексеруден өте алады.
Ультрадыбыстық (УЗИ) , ЭКГ және анализдерді тапсыру дәрігердің жолдамасы бойынша.
«Ашық есік» күні аясында облыстық аурухана дәрігерлері телемедицина арқылы аймақтардағы науқастарға кеңес береді.
Тексеруден өтетін әрбір келушіде өзімен бірге жеке куәлігі болуы міндетті.
Талдықорған қаласындағы «Облыстық аурухана» әкімшілігі.