Чемпионат жетісулықтардың жеңісімен басталды

Чемпионат жетісулықтардың жеңісімен басталды

Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының IV тур ойындары «Жастар» Спорт сарайында «Жетісу» кәсіби волейбол клубының жеңісімен басталды. Спортшылар Өскеменнің «Алтай-2» командасын 3:0 есебімен ұтты. Жетісулық волейболшы қыздарды осы турдағы алғашқы жеңістерімен облыс әкімі, волейболдан спорт шебері, Қазақстан Волейбол федерациясының вице-президенті, Алматы қаласы мен Алматы облысы Волейбол федерациясының президенті Амандық Баталов құттықтады.

 

Бүгін «Жетісу» спортшылары Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш» командасымен ойнайтын болады.