
Сіздерді 2018 жылғы 12-19 ақпан күндері аралығында «Жастар» Спорт сарайында өтетін волейболдан Ұлттық Лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының IV тур ойындарын тамашалауға шақырамыз. Ойындар күнделікті сағат 12.00-де басталады.
Қатысушы командалар: «Алматы» - Алматы қаласы, «Астана» - Астана қаласы, «Жетісу» - Алматы облысы, «Қарағанды» - Қарағанды облысы, «Ертіс-Қазхром» - Павлодар облысы, «Алтай» - Шығыс Қазақстан облысы, «Алтай 2» - Өскемен қаласы, Қуаныш» - Солтүстік Қазақстан облысы.