
Алматы облысында биылғы жылдың 7 басым бағыты анықталды. Бұл туралы бүгін есеп беру жиынында облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, экономикалық дамудың жоғарғы қарқынын сақтау, инвестиция тарту, халықтың кірісін арттыру. Агроөнеркәсіп кешенінде ет, сүт, май, көкөніс, жеміс-жидек өңдеу бойынша ірі инвестжобаларды жүзеге асыру. Шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау. Тұрғын үй құрылысын арттыру, ауыл ішілік жолдарды жөндеу, халықты сапалы ауыз сумен қамту. Үш ауысымды мектептерді болдырмау, Мектепке дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі Кешенді жоспарды жүзеге асыру. 2025 жылға дейін 77,5 млн. ағаш егу. Медициналық қызмет сапасын жақсарту мен қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық медициналық мекемелерге түгендеу жүргізу.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.