
Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап өңірде меценаттар, кәсіпкерлер, жастар мен волонтерлар індетпен күрес шараларына елеулі үлес қосты. Бұл ретте «Самұрық-Қазына», «Лукойл», «BI Group», «Meridian Capital», «СарыарқаАвтоПром», «Шұғыла», «АСПМК-519» және басқалары 22 бірлік санитарлық автокөлік, 500 оттек концентраты, 30 ИВЛ аппараты, 117 мыңнан астам жеке қорғану құралдарын алып бергенін айтуға болады. Кербұлақ ауданындағы және Қапшағай қаласындағы орталық ауруханаларға екі оттек стансасы орнатылды. Бұл жөнінде бүгін өңір тұрғындарының алдында онлайн форматта есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Об этом сообщил сегодня аким области Амандык Баталов в ходе отчетной встречи с населением региона, - сообщает пресс-служба акима Алматинской области.
«Biz Birgemiz», «Bіrgemіz Zhetysu» акцияларының аясында 313 млн. теңгеге 47,5 мыңнан астам адам азық-түлікпен және жеке қорғану құралдарымен қамтылды. Волонтерлар 80 мыңнан астам бетперде тігіп, халыққа тегін таратты, 6 мың литрдей антисептик дайындалды.
Бұл біздің бірлігімізді көрсетті, бірлесе отырып біз кез келген қиындықты еңсере алатынымызды көрсеттік.
- Мұндай ерен ерлік ескерусіз қалған жоқ. Жемісті еңбегі үшін «Жетісу еріктілері» волонтерлар ұйымы Елбасының Алғыс хатымен марапатталып, «Халық алғысы» медалі 13 волонтерға берілді. Біз көмек қолын созған адамдардың әрқайсысына ерекше алғысымызды айтамыз, - деді облыс әкімі.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.