Санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 90%-ке көтерілді

Санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 90%-ке көтерілді

Алматы облысында санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 90%-ке көтерілді. Бұл туралы бүгін тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

-

Өткен жылы коронавирус індеті денсаулық сақтау саласына үлкен сынақ болды. Індетпен күреске жергілікті бюджеттен 14 млрд. теңге, соның ішінде 9 млрд. теңге екінші толқынына дайындық шараларына бөлінді.

3 томограф, 18 рентген-аппараты, 219 ИВЛ, 180 жедел жәрдем көлігі, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды.  Соның нәтижесінде медициналық құрал-жабдықтармен және санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 90%-ке көтерілді, - деді А. Баталов.

Сондай-ақ Талдықорғанда қысқа мерзімде 200 төсектік модульді инфекциялық аурухана салынды, инфекциялық төсектің жалпы саны 5280-ге дейін көбейтілді.

Жыл сайын облыста денсаулық сақтаудың 10 - 15 объектісі салынады. Мәселен, өткен жылы Жамбыл ауданында әйелдер консультациясы бар 100 орындық перзентхана, 10 дәрігерлік амбулатория, бір медпункт іске қосылды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.