The level of coverage of centralized water supply will reach 100%

The level of coverage of centralized water supply will reach 100%

Жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына Алматы облысында 61 млрд. теңге бөлінді, соның нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 84%-ке жетті, биыл бұл көрсеткіш 89%-ке жетеді.  Бұл туралы бүгін өзінің есепті жиынында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының айтуынша, жалпы 347 ауылда жол сапасы жақсартылды, соның ішінде 18 млрд. теңгеге 216 ауылдың жолы «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде жөнделді. Осы бағдарлама аясында халықты сапалы ауыз сумен қамту үшін өткен жылы 84 ауылда жалпы сомасы 17 млрд. теңгеге 109 жоба іске асырылды. Орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 98,3% жетті бұл – республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. 2023 жылға қарай 100%-ке жетеді.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.