The tourist flow will reach 3.5 million people to 2025 year

The tourist flow will reach 3.5 million people to 2025 year

Алматы облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, індетке байланысты қиын жағдайларға қарамастан, азайған жоқ. Оған мемлекет қолдауымен жүзеге асырылған салықтық ынталандырулар, несие төлемдерін кейінге шегеру, жалға алу құнын төмендету сияқты қабылданған шаралар ықпал етті. Бүгінде 123 мыңнан астам кәсіпорын жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тұрғындар алдында берген есепті жиынында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының сөзіне қарағанда, мұнда «Бизнестің жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары арқылы көрсетілген қолдаулар өз тиімділігін көрсеткен, сол сияқты қоры 15 млрд. теңгеге дейін көтерілген «Даму» қорының қаражаты да шағын және орта бизнеске көп септесті.  

Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, гранттар, микрокредиттер түріндегі көмектерді төрт мыңдай кәсіпкер алды.

Дағдарысқа қарсы жоспар шеңберінде бизнестің 119 мың субъектісі салықтық ынталандыруға ие болды, 641 субъект 24 млрд. теңге шамасындағы кредиттер бойынша төлемді кейінге шегеру мүмкіндігін алды. 6,5 мың жалға алушыларға жалға алу құны 30%-тен 90%-ке дейін төмендетілді.  

- Биылғы жылы шағын және орта бизнесті қолдауға 1,3 млрд. теңге бағыттау жоспарланған, ШОБ-тың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 34,3% дейін өседі. Кәсіпкерлердің өткен жылғы шығындарынан кейін қайта еңсе көтеруіне әкімдер қолдау көрсетуі керек, - деді А. Баталов.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.