Облыста екі көтерме-тарату орталығы ашылады

Облыста екі көтерме-тарату орталығы ашылады

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі Алматы облысында бір трлн. теңгеге, бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 2,8 млн. теңгеге жетеді. Бұл жайлы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдындағы есепті жиынында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұлттық тауар жеткізу жүйесі шеңберінде облыста Еңбекшіқазақ ауданында және Қапшағай қаласында екі көтерме-тарату орталығы құрылады. Заманауи КТО өнімді бір жерге жинақтауға, оны шығынсыз сақтауға, ішкі нарыққа ғана емес, сыртқа экспортқа шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.